419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралия су тасқынына дайындалып жатыр

  • 170
  • UPD: 15:23, 13.12.2020
Австралия су тасқынына дайындалып жатыр

Жасыл құрлық тағы да табиғаттың тосын мінезіне тап келді. Бұған дейін орман өртеніп, аймақты түтін басып, ел жапа шегіп еді.

Енді Австралия халқы су тасқынына дайындалып жатыр. Елдің шығыс жағалауында кейінгі тәулікте жаңбыр көп жауған. Салдарынан метеорологтар тасқын қаупі барын ескертті. Осыған байланысты жағажайлар уақытша жабылды. Бұған дейін Австралияда орман өрті Фрейзер аралының жартысын жоқ еткен. Артынша әлемдегі ең ірі құмды аралға су басу қаупі төнді. Жергілікті билік тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы