424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SpaceX орбитаға жаңа жерсерік ұшырды

  • 207
  • UPD: 12:55, 14.12.2020
SpaceX орбитаға жаңа жерсерік ұшырды

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны орбитаға жаңа SXM-7 жерсерігін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара желтоқсанның 13-і күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі ұшыру алаңында ұйымдастырылды. Салмағы 7 тонна болатын жерсеріктің басты мақсаты – Солтүстік Америкадан серіктік радиохабар тарату. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оның қызмет мерзімі 15 жыл.

Хабар 24 телеарнасы