Босқындар мінген қайық Тринидад және Тобаго республикасына бара жатқан жолда апатқа ұшыраған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құрбандар арасында 3 бала мен 11 айлық сәби бар. Бұл қайық 3 күн бұрын жоғалып кеткен. Мамандар мигранттар таңдап алған су жолы аса қауіпті екенін алға тартады. Бұл маңды теңіз қарақшылары мен есірткімен айналысатын қылмыстық топтар жиі торуылдайды. Қос республикада 40 мыңнан астам Венесуэла азаматы тұрып жатыр. Олар Отанындағы экономикалық және саяси қысымнан қашқан.