419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде ауруханалар науқасқа толды

  • 173
  • UPD: 19:50, 14.12.2020
Ресейде ауруханалар науқасқа толды

АҚШ-та коронавируске қарсы жаппай вакциналау науқаны басталды. Билік Pfizer мен BioNTech әзірлеген жаңа дәрінің жанама әсеріне қарамастан оны қолдануға рұқсат берді. Енді алдағы күндері вакцина елдің барлық штатына жеткізіледі. Препарат бірінші кезекте медициналық қызметкерлер мен қарттарға егіледі. Жыл соңына дейін вакцина 40 миллион американдыққа салынуы тиіс.

Густав Перна, АҚШ армиясының генералы:

- Дүйсенбіде барлық штат бойынша 145 орталық вакцина алады. Сейсенбіде тағы 425 орталық, ал сәрсенбі күні 66 мекеме вакцинаға қол жеткізеді.

Бүгінге дейін коронавирусқа қарсы дәріні өз аумағында қолдануға бірнеше ел рұқсат берген. Солардың қатарында Америкадан бөлек Ұлыбритания, Канада, Бахрейн мен Сауд Арабиясы бар. Ал Еуроодақ елдерінде вакцинаның сапасына қатысты тексеру әлі жалғасып жатыр. Ол аяқталған кезде одаққа мүше 27 елдің бәрінде бірден вакцинациялау ісі басталады. Қазір тек дайындық жұмыстары ғана жүріп жатыр. Мәселен, Италияда екпе егуге арналған гүл тәрізді шатырлар тұрғызыла бастады.

Доменико Аркури, Италияның COVID-19 Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссары:

- Біз 3000 дәрігер мен 12000 медбикені осы науқанға қатысуға шақырдық. Вакциналаудың алғашқы кезеңінде 1 миллион 800 мыңға жуық италиялыққа екпе егіледі. Ол үшін арнайы шатырлар құрылады. Сөйтіп, кез келген азамат екпе қабылдай алады. Ал жаппай вакциналау күніне келер болсақ, ол бүкіл Еуроодақ аумағында бір күнде басталады деп ойлаймын.

Бірақ вакцинаға тапсырыс бергендердің барлығы оны тасымалдау қиынға соғып жатқанын айтады. Өйткені дәріні - -70° градуста сақтау керек екен. Әйтпесе ол өзінің емдік қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан қазір көп мөлшерде құрғақ мұз қолданылып жатқан көрінеді. Сөйтіп, бұл өнімге сұраныс күрт артып кеткен. Бұлай жалғаса берсе алдағы уақытта тіпті құрғақ мұз тапшылығы туындауы да мүмкін екен.

Ал Ресейде вакциналау басталғанына міне бір аптадай уақыт болды. Жаңа дәріні әзірге мұғалімдер мен дәрігерлер қабылдап жатыр. Жалпы қазір Ресейдегі ахуал өте күрделі. Әсіресе Мәскеу мен Санкт-Петербургте. Соған қарамастан Мәскеу мэрі Жаңа жыл кезінде шаһарда коменданттық сағат орнамайды. Билік иммунизацияның оң әсеріне үміттенеді. Ал Санкт-Петербургте керісінше локдаун жариялануы мүмкін. Өйткені вирус жұқтырғандардың көптігінен ауруханалар науқастардың ағынына төтеп бере алмай жатқан көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы