Үндістанның Карнатака штатындағы iPhone жасайтын зауытта жаппай тәртіпсіздік болды. Оқиға Бангалор қаласына жақын жердегі өндіріс ошағында өрбіген.
Зауыт еңбекақыны уақытылы төлемей, жұмысшылар ашуланып, кеңселерге тас лақтырып, көліктерге от қойды. Бірнеше кеңсе талқандалған. Жергілікті билік оқиғаны тексеруді бастап, 149 адам қамалды. Американдық Apple (Эппл) компаниясы Үндістанда «Айфонды» 2017 жылдан бері шығара бастаған. Бірақ «Айфонның» тым қымбат болуына байланысты оның жергілікті смартфон нарығындағы үлесі 1 процентті ғана құрайды.