417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Малайзияда құны 26 млн доллар болатын есірткі тәркіледі

  • 133
  • UPD: 23:48, 14.12.2020
Малайзияда құны 26 млн доллар болатын есірткі тәркіледі

Малайзия жағалау күзеті ірі химиялық есірткі партиясын қолға түсірді. Оқиға Пинанг аралының жанындағы теңізде болды.

Айдында күзетте жүрген патрульдік кемені серуенге арналған қайықтағылардың әрекеті күдік тудырған. Әскерилер дереу қуып жетіп тексере келе, ішінен қытай шәйінің қорабына салынған 2 миллион тоннадан астам метамфетамин есірткісін тапқан. Ал қайықты басқарған адам қашу кезінде ұсталды. Өзге елге жеткізілмек болған жүктің «қара нарықтағы» құны 26 миллион доллар.

Хабар 24 телеарнасы