419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Санкт-Петербургте жағдай күрделене түсті

  • 101
  • UPD: 10:42, 15.12.2020

 

Соңғы аптада шаһарда емдеу орталықтарына коронавирус диагнозымен 5 жарым мыңнан астам адам түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан қала ауруханаларына салмақ күшейіп, емдеу орталықтары қиындықққа тап болды. Сондықтан билік вирус жұқтыру біршама бәсеңдегенмен босаңсуға болмайды деп отыр. Жалпы Санкт-Петербургте індет тарағалы вирусты 180 мыңға жуық адам жұқтырыпты. 6 мыңнан аса науқас көз жұмған. Жергілікті билік жаңа жыл алдында кеселмен күресу үшін шектеулерді қатаңдатты.

Хабар 24 телеарнасы