429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иракта 40-тан астам лаңкестің көзі жойылды

  • 111
  • UPD: 08:28, 15.12.2020
Иракта 40-тан астам лаңкестің көзі жойылды

Ирактың әскери әуе күштері Мосул қаласында жүргізген арнайы операция кезінде Ирак және Левант лаңкестік ұйымына мүше 42 лаңкестің көзін жойды.

Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі хабарлайды. Содырлар шаһардың оңтүстігіндегі Айн-Аль-Джахеш ауданында мерт болған. Марқұмдардың ішінде террорлық ұйымның бірнеше көшбасшысы да бар. Белгілі болғандай, әскери операция барысында қашықтан ондаған жарылғыш зат пен өзге де қару-жарақ түрлері тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы