427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джо Байден ресми түрде АҚШ-тың президенті болып сайланды

  • 289
  • UPD: 10:02, 15.12.2020

АҚШ-та дауыс берушілер Джо Байденді президент етіп сайлады. Осылайша ол 1 айдан астам уақыттан кейін ресми түрде Құрама Штаттардың 46-шы мемлекет басшысы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал вице-президенттікке Камала Харрис таңдалды. Бұл дауыс берушілер алқасының шешімінен кейін белгілі болды. CNN арнасының хабарлауынша, олардың 306-сы Байденді қолдаса, 232-сі Трампқа дауыс берген. Негізі жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет болған. Байден бұл межеден Калифорния штатынан берілген дауысты санағаннан кейін асқан. Енді осы дауыс берушілер алқасының түпкілікті шешімін Конгресс Сенаты мен Өкілдер палатасы 6 қаңтарда бекітуі тиіс. Сосын президентті ұлықтау рәсімі 20 қаңтарда өтуі керек.

Айта кетейік, мемлекет басшысын сайлау сәл өзгеше. Президентті сайлау туралы түпкілікті шешімді әр штаттан халық санына байланысты бекітілген дауыс берушілер алқасы қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы