419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада жаппай вакцинациялау науқаны басталды

  • 100
  • UPD: 09:44, 15.12.2020
Канадада жаппай вакцинациялау науқаны басталды

Күні кеше ғана елге жеткен Pfizer BioNTech компанияларының препаратын алғашқы болып медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары қабылдады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, елде коронавирустан қаза тапқан 13 мың 431 тұрғынның 60 проценті қарттар үйінің тұрғындары екен. Шараны жергілікті телеарналардағы тікелей эфирде көрсетті. Мамандар екпе егілген тұрғындардың жағдайы жақсы екенін айтады.

Сесиле Ласко, екпе қабылдаған тұрғын:

– Өзімді жақсы сезінемін. Екпені алғашқы болып қабылдағандардың бірі болғанына қуаныштымын. Бұл көптен күткен сәт еді. Тіпті сенер емеспін.

Хабар 24 телеарнасы