421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жабайы күзеннен коронавирус анықталды

  • 102
  • UPD: 09:40, 15.12.2020
АҚШ-та жабайы күзеннен коронавирус анықталды

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық ветеринариялық зертханасы жабайы табиғатта тіршілік ететін жануардың коронавирустық инфекция жұқтырғанын растады.

Вирус Юта штатындағы күзен фермасы маңында жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу аясында күзеннен анықталған.

«Біздің білуімізше, бұл – жабайы жануардан анықталған SARS-CoV-2-дың алғашқы жағдайы», - делінген хабарламада.

Бұл оқиға туралы ақпарат Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымына берілген.

Хабар 24 телеарнасы