423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерландта қатаң локдаун енгізілді

  • 115
  • UPD: 11:13, 15.12.2020
Нидерландта қатаң локдаун енгізілді

Нидерланд үкіметі 15 желтоқсаннан 19 қаңтарға дейін қатаң локдаун енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Елде 15 желтоқсаннан бастап қоғамдық орындар, атап айтқанда саябақтар, спортзалдар, мұражайлар, хайуанаттар бағы, кинотеатрлар, шаштараздар мен сұлулық салондары жабылады. Тек супермаркеттер, банктер мен дәріханалар жұмыс істейді.

Сондай-ақ тұрғындарға үйде болуға кеңес беріледі, көшеде де, үйде де екі адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Тек Рождество кезінде үш адамның жиналуына рұқсат етіледі.

Хабар 24 телеарнасы