421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа шектеуді күшейте бастады

  • 116
  • UPD: 12:32, 15.12.2020

Кәрі құрлықтың кей елдері Рождество мен жаңа жыл қарсаңында карантиннің шектеу шараларын қатаңдата бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп. Грекия карантинді қаңтардың 7-сіне дейін ұзартып отыр. Оған дейін аймақта енгізілген коменданттық сағат өз күшінде болады. Мектептер мен қоғамдық тамақтану орындары әзірге ашылмайды. Ал Францияда Рождество қарсаңында коменданттық сағат алынып тасталғанмен, өңірдегі бар мейрамхана мен тау шаңғы курорттық жерлері қаңтардың 20-сына дейін жұмысын жандандыра алмайды. Нидерландта да дәл осындай жағдай. Онда әр отбасы үйіне бір күнде 3 адамнан артық қонақ шақыра алмайды.

Хабар 24 телеарнасы