420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бронх демікпесі бар адамдар COVID-19-ды сирек жұқтырады – зерттеу

  • 106
  • UPD: 12:15, 15.12.2020
Бронх демікпесі бар адамдар COVID-19-ды сирек жұқтырады – зерттеу

Израиль ғалымдары бронх демікпесі бар адамдардың коронавирус жұқтыру қаупі 30% төмен екенін анықтады.

Бұл туралы зерттеу авторы Евгений Мерзон айтты, деп хабарлады РИА Новости.

«Біз Израильдегі бірінші толқынның басында коронавирустық инфекцияға тексерілген шамамен 37 мың пациентті қабылдадық және оң нәтиже бергендердің теріс нәтиже бергендерге қатынасын қарастырдық. Бронх демікпесі диагнозы қойылған пациенттің вирусты жұқтыру мүмкіндігі 30% төмен екені анықталды», - деді дәрігер.

Айтуынша, мұның себебі бронх демікпесі бар адамдардың өкпесіндегі вирустың ағзаға енуіне жауап беретін рецепторлардың саны аз болуынан немесе өздерінің сақтық шараларын қатаң сақтауларынан.

Хабар 24 телеарнасы