419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда эпидахуал ушықты

  • 122
  • UPD: 14:51, 15.12.2020

Қытайдың 6 ауданында коронавирус өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күнде 25 адамнан анықталды. Мамандар індет бірнеше жолмен таралып отырғанын айтады. Мәселен, импортты тауарлар вирус тасымалдаушыға айналған. Тағы бір себеп – тұмаумен ауыру кезеңі басталды. Мәселен, Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданына қарасты Турфанда жағдай ушыға түскен. Билік қаладағы вирустың таралу сипаты бұрынғы жағдайға еш ұқсамайтынын айтып отыр.

Мин Гофу, Турфан қаласы денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары:

– Вирус штампы Үрімжі мен Қашғардағы бұрынғы түрлеріне ұқсамайды. Осылайша COVID-19-дың Шыңжаңның өз ішінде таралып жатыр, айтуға еш негіз жоқ. Сондай-ақ бұл вирустың елдегі басқа жағдайлармен де еш байланысы жоқ.

Қазір Қытайда 6 вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өткізіліп жатыр. Жергілікті «Sinopharm» компаниясының екпесін Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері ресми мақұлдаған. Оны Индонезия, Түркия, Бразилия мен Мексика да алатын болды. Жыл аяғына дейін 600 млн дозаға дейін өндірілмек. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы.

Хабар 24 телеарнасы