427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиода өтетін 2021 жылғы Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

  • 284
  • UPD: 14:50, 15.12.2020
Токиода өтетін 2021 жылғы Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Жапондықтар 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға наразылық білдірді.

Телефон арқылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі елде бұл идеяға қарсылық білдіргендер қарасы қолдағандардан гөрі көп, деп хабарлайды NHK арнасы.

Спорттық жарыстың өткізілуін қолдайтындар қатары 27 процентті қамтыса, қарсылық білдіргендер саны шамамен 32 процент, ал қалған 31 процентті қамтитын бөлік ойындарды тағы да кейінге шегеруді жөн санайды.

Желтоқсанда жүргізілген дәл осындай сауалнамада жапондықтардың басым бөлігі Олимпиаданың өткенін қалаған. Мұндай шешімді 40 проценттей халық қолдаған.

Аталған сауалнаманы телеарна 11 және 13 желтоқсан аралығында жасы 18-ден асқан 2100 адам арасында жүргізген. Сонымен қатар елде коронавирустың жаңа типі өршіп жатқаны да хабарланды. 14 желтоқсан, дүйсенбі күні, 1600-ден астам жаңа жұқтыру жағдайы тіркелді. Жалпы жұқтырғандар саны 183 мыңды құраса, оның 2600 жағдайы өліммен аяқталған.

2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының пандемия салдарынан 2021 жылға шегерілетіні туралы 24 наурызда белгілі болды. Ойын комитетінің ұйымдастырушы директоры Харуюки Такахаси осылайша Олимпиада ойындарын тағы да кейінге шегеруді дұрыс деп тапты. Соған қарамастан, ол Олимпиада ойындарын ұйымдастырмай қалдыруға болмайтынын да мәлімдеді. Өйткені бұл шешім Жапония және әлем экономикасына өте ауыр соққы болмақ.  

 

 

Хабар 24 телеарнасы