421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиландта ауаның ластануы қауіпті деңгейге жетті

  • 140
  • UPD: 15:21, 15.12.2020
Таиландта ауаның ластануы қауіпті деңгейге жетті

Таиландтың Бангкок қаласында ауаның ластану деңгейі ең жоғарғы көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір шаһардың 28 ауданында ауа сапасының индексі қызыл деңгей тұр. Мамандар бұл жағдай халықтың денсаулығына орасан зор зиян тигізуі мүмкін деп дабыл қағып, тыныс алу жолдары ауруларына осал топқа жататын тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес береді. Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің болжауынша, Бангкоктегі қалың тұман желтоқсанның 17-сіне дейін сақталуы мүмкін.

Айта кетейік, Таиланд әлем елдері ішінде атмосфераның ластануы деңгейі бойынша 10-орында тұр. Оның алдында Үндістан, Моңғолия, Бангладеш, Израиль, Қытай, Палестина, Уганда, Тәжікстан мен Түркия бар.

Хабар 24 телеарнасы