420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясы туралы айтты

  • 127
  • UPD: 17:17, 15.12.2020
ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясы туралы айтты

Мутация нәтижесінде пайда болып, Ұлыбританияда тараған коронавирустың SARS-CoV-2 жаңа штамы бұрынғыға қарағанда тез таралады, бірақ аурудың қауіптілік деңгейін өзгертпейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19-ға қарсы жаһандық күрес жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро осылай деді, деп хабарлады Sky News.

«Ол өте жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес», - деді.

Набарро жаңа штамға байланысты эпидемиямен күресудің тәсілдеріне өзгерістер енгізілмейтінін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирустың тез таралатын түрі шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы