Сеулдегі мысықтарға арналған дәмханада ерекше жаңажылдық көңіл-күй орнаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жерде келушілерді бір сәтке Санта-Клаусқа «айналған» мысықтар қарсы алады.
Мереке қарсаңында дәмханаға келген тұрғындарға мысықтарды қолға алып сипап, тамақтандыруға рұқсат етілді. Бұл мекемедегі сүйкімді жануарлардың қарасы 130-ға жуық. Олардың басым бөлігі далада панасыз қаңғып жүрген жерінен табылып, құтқарылғандар. Биыл елде індет өршіген кезде үйіндегі жануарын қаңғытып жібергендер, әсіресе, көбейіп кеткен екен.