Австралияның оңтүстік-шығыс жағалуы дауыл мен жауыннан ерекше көрініске енді.
Желден мұхитта толқын тұрып, құмды жағажайларды 2 метрлік көбік жапқан. Табиғаттың тосын құбылысын тамашалап, суретке түсірген жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар көбейген. Ал билік адамдарды абай болуға шақырып жатыр. Себебі жауыннан Квинсленд штатының көп жағажайын су басқан. Кей мекендер жарықсыз қалған. Ал ауа райын болжауышлар дауыл ертеңге дейін басылып, күн райы жақсаруы тиіс деп отыр.