418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия халыққа жаппай вакцина салуға дайындалып жатыр

  • 113
  • UPD: 11:29, 16.12.2020
Германия халыққа жаппай вакцина салуға дайындалып жатыр

Германияда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға дайындық қызу жүріп жатыр.

Елде азаматтарды егу орталықтары ашылуда. Мысалы, Кельн қаласындағы сауда залдары күніне 5 мың адамды қабылдауға әзірленген. Жалпы қазірге дейін Германияда мұндай 440 орын құрылған. Ауқымды шараға 10 мыңнан аса дәрігер жұмылдырылмақ. Келесі жылдың күзіне дейін халықтың 60 процентін егу жоспарланған. Ал Германияда соңғы апталарда вирусты жұқтырғандар мен дерттен қайтыс болғандардың қарасы артқан. Осыған байланысты билік елде шектеулерді қатаңдату туралы шешім қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы