Қайтыс болғандарға тағзым ету ниетімен Вашингтондағы Ұлттық шіркеудің бас қоңырауы 30 минутта 300 рет қағылды. Соңғы дерек бойынша құрбандар саны 300 мыңнан асады. Бұл елде індетті 16 жарым млн астам адам жұқтырған. Қазір барлық штатта вакциналау басталды. Екпені бірінші кезекте медицина мамандары, өрт сөндірушілер мен қарттар үйлерінің қызметкерлері алады.
Томми Вонг, дәрігер:
- Өзімді жақсы сезініп тұрмын. «Ковид-19»-ға қарсы майданға өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан етемін. Вакциналауға байланысты дәрігерлер, медбикелер мен осы саланың басқа қызметкерлері үшін күрестің жаңа кезеңі басталды.