Жапонияның «Хаябуса-2» ғарыш аппараты Рюгу астероидынан қара тастар мен топырақ әкелді.
Бұдан бөлек мамандар аспан денесінен бөлінетін газды да құйып алған. Енді оның химиялық құрамы зерттелмек. 2014 жылы жіберілген аппарат аспан денесінің жанына тек 2018 жылы жеткен. Оны 503 күн айнала жүріп зерттеді. Ол астероидтың бетіне тек былтыр ғана қонған.