419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда құс тұмауы өршіп тұр

  • 110
  • UPD: 15:45, 16.12.2020
Жапонияда құс тұмауы өршіп тұр

Жапонияның 11 ауданында құс тұмауы өршіп барады. Соңғы рет ауру Коти префектурасында анықталды. 

Зерттеу барысында мамандар құс тұмауының таралып бара жатқанын растаған соң фермадағы 32 мың құсты жойды. Індет жақын маңдағы елді мекендерде де кең етек жаюда.

Айта кетейік, Жапонияда биыл құс тұмауы қараша айында алғаш тіркелген болатын. Содан бері аймақтағы 3 млн жуық тауық жойылған. Жергілікті билік аурудың өршуіне қарсы шараларды шұғыл қолға алып жатыр. Қазір құс өсірілетін фермаларда карантин жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы