419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореяда бір тәулікте коронавирус жұғу жөнінен антирекорд тіркелді

  • 113
  • UPD: 15:54, 16.12.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп тұр. Бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 1078-ге жетіп антирекорд тіркелді.

Олардың басым бөлігі 51 млн халқы бар Сеул аймағының тұрғындары. Инфекциядан қаза тапқандардың қатары да артып барады. Қазір ауруханаларда 226 науқас хәл үстінде жатыр. Жергілікті биліктің қолға алған шаралары әзірге нәтижесіз. Көптеген өндіріс орындары мен компаниялардың қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы