421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақта алғашқы вакцина жуық арада бекітілуі мүмкін

  • 105
  • UPD: 18:15, 16.12.2020
Еуроодақта алғашқы вакцина жуық арада бекітілуі мүмкін

Еуроодақта коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны қолдануға бір апта ішінде рұқсат етілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Екпе бекітіле салысымен халықты жаппай вакцинациялау да басталмақ. Қазір одақтың дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі Pfizer мен «Байонтек» және «Модерна» компанияларының өтініштерін қарастыруда. Жалпы Еуроодақ түрлі компаниялардан 1 миллиардтан астам доза сатып алуға келіскен.

Ал Индонезияда Қытайдың Sinovac компаниясының вакцинасын сынақтан өткізу тағы 3 айға созылатын болды. Мұндай шешімді осы елдің Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын қадағалау агенттігі қабылдады. Енді наурыз айында екпе сынағына қатысушыларда қалыптасқан антиденені сараптау көзделген. Айта кетейік, бұған дейін Индонезияның реттеуші органы қаңтар айының соңына дейін қытайлық вакцинаны шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат береді деп шешкен еді.

Хабар 24 телеарнасы