Еуропада алдағы мерекелерде шектеулер сақталмаса, індет қайта өршуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кәрі құрлық елдерін осылай деп ескертіп жатыр. Халықаралық құрылым індеттің өршуіне жол бермес үшін қосымша шараларды қабылдауға шақырады. Мысалы, адамдардың көптеп жиналмауын қадағалап, мерекелік іс-шараларды өткізу тәртібін бақылауда ұстау керек дейді.