419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиода індеттің таралуы күшейді

  • 103
  • UPD: 10:19, 17.12.2020
Токиода індеттің таралуы күшейді

Жапония астанасында коронавирусты жұқтырғандар саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте Токиода 670 адамнан вирус анықталды. Індеттің таралуы өзге де қалалар мен аймақтарда күшейе түскен. Осыған байланысты жергілікті билік халықты бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақыруда. Жалпы Күншығыс елінде вирусты жұқтырғандар саны 184 мыңнан асқан.

Кацунобу Като, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Токиода соңғы бір тәулікте 678 адам вирусты жұқтырып алды. Шаһарда індеттің таралуы күшейіп барады. Сондықтан азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болуға шақырамын.

Германияда да індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Бұл елде соңғы бір тәулікте 27 мыңнан аса тұрғын вирусты жұқтырып алған. Дерттен 952 адам қайтыс болды. Берлин ауруханаларындағы шұғыл терапия бөлімдерінде коронавирусқа шалдыққандар қарасы көбейген. Елде бүгінен бастап шектеулер қатаңдатылды.

Хабар 24 телеарнасы