425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Перуде медицина қызметкерлері ереуілге шықты

  • 233
  • UPD: 10:46, 17.12.2020
Перуде медицина қызметкерлері ереуілге шықты

Перуде медицина қызметкерлері ереуілдетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лимадағы Денсаулық сақтау министрлігінің алдына жиналған ақ халаттылардың еңбек жағдайына көңілдері толмайды.

Дәрігерлер жалақының аздығына шағымданып, биліктен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың жеткіліксіз екенін айтып отыр. Айта кетейік, қазір Перудегі эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Статистика бойынша аймақта пандемия басталғалы ковидке шалдыққандардың саны 1 млн-ға жуықтады. Олардың 36800-ден астамы көз жұмды. Мамандар алдағы жылдың бас кезінде елде індеттің екінші толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағып отыр.

Хосе Рохас, дәрігер:

- Халықтың өмірін аман алып қалу үшін өте қиын жағдайда жұмыс ітеп жатырмыз. Пандемия басталғалы 800-ден астам медицина қызметкері індеттің құрбаны болды. Алайда еңбегіміз бағаланып жатқан жоқ. Төзіміміз таусылғасын ереуілге шықтық. Үкімет бізге назар аударып, талабымызға құлақ асуы керек.

Хабар 24 телеарнасы