426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Молдовада фермерлердің ереуілі басылар емес

  • 158
  • UPD: 11:41, 17.12.2020
Молдовада фермерлердің ереуілі басылар емес

Молдовада желтоқсанның 6-сы басталған фермерлердің ереуілі әлі де басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Кишиневтегі парламент ғимаратының алдына жиналған халық тәртіп сақшыларымен қақтығысып қалған. Наразылар көшеге 200-дей техникамен шығып, жолдағы көлік қатынасына кедергі жасаған. Ашуға бой алдырғандар қуаңшылықтан зардап шеккен фермерлерге биліктен берілетін қаржылай өтемақының көлемін арттыруды талап етеді. Сонымен қатар фермерлер Үкіметтің ауылшаруашылық өнімдеріне төленетін құн салығының мөлшерін 8%-тен 12%-ке көтеру туралы шешімі әділетсіз деп отыр. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ереуілден 4 полиция қызметкері зардап шекті. Тәртіп сақшылары жиналғандарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған.

Ереуілдеуші:

- Билік бізге назары ауымайынша осы жерден кетпейміз! Шыдамымыз таусылды! Әбден шектен шықты. Талабымыз орындалмайынша алған бетімізден қайтпаймыз!

Хабар 24 телеарнасы