Бұл сынаманы еш рецептісіз үйде қолдануға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тесттің бұл түрін Құрама Штаттардың Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі өткен айда бекіткен. Нәтиже ұялы қосымша арқылы 20 минутта дайын болады. Мамандардың айтуынша, осы құрылғының көмегімен жасы 2-ден асқан барлық адам тексеріле алады. Енді зертханалар мен сынама алатын орталықтардың жұмысы жеңілдеуі тиіс. Сондай-ақ жергілікті билік басқа антиген тестілердің нәтижесі жалған болып шығуы мүмкін екенін ескертуде. Австралиялық компания АҚШ-қа 2021 жылдың қаңтарына қарай күніне 100 мың, ал бірінші жартыжылдықта 20 млн тест жеткізеді.