421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда тұрмыстық зорлық-зомбылық 30%-ке көбейген

  • 147
  • UPD: 15:22, 17.12.2020
Францияда тұрмыстық зорлық-зомбылық 30%-ке көбейген

Францияда карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Статистика бойынша локдаун кезінде түскен арыздар 30%-ке артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай билік тұрғындардың кез келген уақытта онлайн режимінде полицияның көмегіне жүгіне алу үшін арнайы портал ашты. Жәбірленушілер арнайы нөмірге телефон шалып немесе SMS-хабарлама жіберулеріне болады. Ал зардап шеккендерді уақытша баспанамен қамту да қарастырылады.

Марлен Шьяппа, Францияның ІІМ Азаматтық істер жөніндегі министр-делегаты:

- Локдаунға байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау үшін бірнеше жаңашылдықтарды еңгіздік. Департаменттердің бірінде тәртіп сақшылары тұрмыстық зомбылықтан зардап шегушінің кассалық чегіне барлық қажетті ақпарат жазылған мөр қоятын болды. Елдің өзге өңірлерінде полиция өкілдері бұрын жәбірленген тұрғындармен өздері жиі байланысып тұрады. Екінші рет жарияланған локдаун кезінде полиция өкілдерінен тұрмыстық зорлықтан қорғанудың тағы сан алуан тәсілдері мен инновациялық жолдары ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы