419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда коронавирус фламенко биінің түбіне жететін болды

  • 110
  • UPD: 18:00, 17.12.2020

Үш ғасырлық тарихы бар фламенко биі жойылудың алдында тұр. Бұған коронавирус себеп.

Індетке байланысты Испаниядағы барлық би алаңдары мен мекемелері жабылып қалған. Көне жанрдың тағдырына алаңдаған әртістер Испанияның Мәдениет министрлігінің алдына жиылды. Олар өз талаптарын  қойылым арқылы білдірді. Яғни фламенко биін табытқа салып, бейнелі түрде «жаназасын шығарды».

Йонатан Миро, фламенко бишісі:

- Біздің жұмыссыз отырғанымызға 9 айдан асты. Себебі біздің мекемелер жабық тұр. Олар қайта ашылмайынша, фламенко биімен айналысатындардың 98 проценті қол қусырып, бос отырады.

Айта кетейік, фламенко биі Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия автономды аймағында 18-ғасырда пайда болған. Ежелгі өнер жанры ретінде 2010 жылы ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұра» тізіміне енген. Ал Испанияда қазан айында екінші рет төтенше жағдай жариялаған болатын. Бұл елде ковидтен 48 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы