421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еурокомиссия коронавирусқа қарсы вакцинацияны 27 желтоқсанда бастайды

  • 107
  • UPD: 18:14, 17.12.2020
Еурокомиссия коронавирусқа қарсы вакцинацияны 27 желтоқсанда бастайды

Еуроодақ билігі коронавирус инфекциясына қарсы екпені 27-29 желтоқсанда бастайды.

Бұл туралы Еуроодақ басшысы Урсула фон дер Ляйен өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Бұл – Еуропа үшін ең шешуші кезең. 27, 28 және 29 желтоқсанда барлық ЕО бойынша вакцинация басталады. Біз азаматтарымызды бірге қорғаймыз», – деп жазды фон дер Ляйен.

Бұрынырақта Германия канцлері Ангела Меркель вакцина жүргізу туралы шешім 29 желтоқсанға дейін белгілі болатынын мәлімдеді. Бұдан кейін Еуропа елдеріне қажетті көлемде екпе бірден жеткізіліп, келесі жылдың қаңтарында вакцинация басталады.

 

Хабар 24 телеарнасы