421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 вакцинасын елдерге жеткізу мәселесі өзектіге айналды

  • 204
  • UPD: 20:16, 17.12.2020

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина табылып, жаһан жұртын үміттендіргенмен, ол пандемияның тез арада аяқталуын білдірмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар осылай деп отыр. Мұнымен келіспеуге болмайды. Олай дейтініміз, сыры белгісіз сырқатпен ауырып қалып жатқандар әлі де артып жатыр. Коронавирус атты дертке дәрмен болатын дәрінің барына қарамастан одан бақилық болып жатқандар қаншама? Сондықтан ковидке қарсы вакцинаның пайда болуы былай тұрсын, оны мұқтаж жандарға жеткізу өз алдына бір мәселе. Аталған ұйым өкілдерінің сөзі осыған саяды.

Такеши Касаи, ДДСҰ-ның Батыс Тынық мұхиты елдері өңірлік бюросының директоры:

- Вакцина пайда болып, бәріміз індеттің кұрсауынан босайтындай болып көрінгенімен, жаңа дәрі жақын арада пандемияны тоқтата алмайды. Қауіпсіз әрі тиімді препаратты әзірлеу бір бөлек, ал оны жеткілікті мөлшерде өндіріп, бүкіл халықты дәрімен қамту басқа мәселе.

Расымен де вакцина табылғанда бәріміз ақ түйенің қарны жарылғандай қуандық. Індеттен арылдық, мамыражай күндерге қайтып жеттік дедік. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмай шықты. Денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар мен сарапшылардың сөзіне сенсек, вакцина дозаларының саны қазір шектеулі. Сондықтан олар ең алдымен вирустың таралу қарқыны өте жоғары аймақтарда яғни әлеуметтік осал топтар мен індет салдарымен бетпе-бет қалған медицина мамандарына егіледі. Демек, жер бетінің тұрғындарына әлі де сақтық шараларын сақтап, күтуіне тура келеді.

Сокорро Эскаланте, ДДСҰ-ның негізгі дәрі-дәрмектер мен денсаулық сақтау технологиялары жөніндегі үйлестірушісі:

- Батыс Тынық мұхиты аймағындағы елдердің бәрі болмаса да көбі COVAX қорының мүшесі. Осы механизм арқылы біз келер жылдың екінші тоқсанында қажетті вакцинаға қол жеткіземіз деп отырмыз.

Жалпы мамандардың айтуынша, жаһан жұртының қалыпты өмірге оралуына шамамен 2 жылдай уақыт қажет. Өйткені әлем елдерінің басым бөлігі вакцинаға енді ғана қол жеткізеді. Мәселен, Францияда коронавирусқа қарсы екпе салу жыл соңында басталады. Алдын ала мәлімет бойынша, 25-26 желтоқсанда техникалық сертификат берілуі тиіс. Осыдан кейін бірден екпе салу жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр. Билік әзірге Модерна және Пфайзер вакциналарын жеткізуге туралы келіскен. Бірақ көктемде нарыққа өзге өндірушілер шығады деген болжам бар. Жаппай екпе салу науқанына қарамастан билік босаңсуға әлі ерте екенін айтты. Яғни келесі жылдың алғашқы тоқсанында елдегі санитарлық талаптар еш өзгермейтінін айтады. Препарат алғашында қауіпті топ өкілдеріне салынады. Ал халықтың негізгі бөлігін вакцинациялау тек көктемнің аяғында ғана басталады.  

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Екпені алдымен осал топ өкілдеріне салу туралы ұсыным берілді. Осы ретте біз вакцинауиялауды қарттар үйінде тұратын егде жастағы тұрғындардан бастағалы отырмыз.

Алдағы аптада Еуроодақ BioNTech және Pfizer компаниясының вакцинасын сертификаттан өткізсе, осы жылдың соңында Германияда да екпе егу шаралары басталуы мүмкін. Жоспар бойынша елде 400 екпе егу орталығы ашылып, жұмысқа қосымша әскерилер тартылмақ. Айта кетейін, қазірдің өзінде пандемиямен күрес жұмыстарына 6 мың тәртіп сақшысы жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы