АҚШ-тың солтүстік-шығысында боран соғып, қар қалың түсті. Ақ ұлпа Пенсильвания, Нью-Йорк, Нью-Джерси мен Вашингтон округін басып қалған.
Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы жарты метрден асса, енді бір аудандарда жауын аралас қар жауған. Көктайғақ болған соң бірқатар штатта төтенше жағдай енгізіліп, мектептер жабылды. Билік тұрғындардың алыс сапарға аттанбауын сұрап отыр.