Жапонияның солтүстік аймақтарына да қар қалың жауып, көлік қатынасы тоқтады.
Жапон теңізі жағалауы маңындағы кей жерлерде ақ ұлпаның биіктігі 1 метрден асады. Бірқатар аудандарда жарық сөніп қалған. Қар көшкіні қауіпі күшейген. Ал ауа райын болжаушылар қазіргі күн райы ертеңге дейін сақталатынын ескертіп отыр.