Италия. Милан қаласының маңайында күші 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апат ошағы Треццано суль Навильио қаласының маңынан өтіп, Миланның өзінен 9 шақырым қашықтықта болған.
Жерасты дүмпулерін бірінші болып сезінген тұрғындар қорқынышын жасыра алмады.
Өз үрейі туралы әлеуметтік желіде жазған халық енді сол жерге жақын орналасқан жанартаудың оянып кетуінен қауіптеніп отыр.
Аударған: Г.Абилова