419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уханьда түнгі тіршілік қайта қызды

  • 115
  • UPD: 10:15, 18.12.2020
Уханьда түнгі тіршілік қайта қызды

Коронавирус індетінің басты ошағы болған Қытайдың Ухань қаласында түнгі тіршілік қайта қызған.

Дәмханалар адамдарға лық толып, жастар түнгі клубтарда емін-еркін демалуда.

Халық арасында бетпердесіз жүргендер де көп. Себебі мамыр айынан бері шаһарда бірде бір вирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бұл көрініс өзге елдерге індетті жеңгеннен кейін бұрынғы өмір қалпына келетінін білдірсе керек.

Еске сала кетейік, коронавирус алғаш рет Қытайдың осы Ухань қаласында тіркеліп, жұқпалы дерттен 4 мыңға жуық адам көз жұмған еді.

Чжан Цюн, жергілікті тұрғын:

– Уханьда індеттің таралуына тосқауыл қойылған соң екінші өмір басталғандай болды. Еркіндікке не жетсін?! Өмірдің әр сәтін бағалауды үйрендік.

Хабар 24 телеарнасы