423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда коронавирус дес бермей тұр

  • 133
  • UPD: 10:16, 18.12.2020
Италияда коронавирус дес бермей тұр

Соңғы тәулікте 18 мыңнан аса адам ковидке шалдықса, 683 науқас осы кеселден көз жұмды.

Бұл туралы Италияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Осылайша пандемия басталғалы қауіпті инфекцияны 1 млн 900 мың адам жұқтырған. Оның 67 мыңнан астамы індеттің құрбаны болды. Жергілікті билік елде вакцинация науқанын желтоқсанның аяғында бастауды жоспарлап отыр. Алдымен оған Еуроодақтың дәрі-дәрмек бойынша агенттігінің рұқсаты қажет. Аймақ тұрғындарына екпені қабылдау үшін қазірден бастап арнайы портал арқылы кезекке тұру мүмкіндігі ұсынылды. Оған бар жоғы 18 сағат ішінде шамамен 11 мың медицина қызметкері тіркеліп үлгерген.

 

Хабар 24 телеарнасы