421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың солтүстік-шығысы қалың қар құрсауында қалды

  • 133
  • UPD: 10:50, 18.12.2020
АҚШ-тың солтүстік-шығысы қалың қар құрсауында қалды

Табиғаттың тосын мінезінен аймақта көлік қатынасы тұралап, кей өңірлерде қатты желден электр желілері үзілген.

Ал Нью-Джерси штатында қоғамдық көлік пен теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Жергілікті билік 14 штатта төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін дейді. Синоптиктер Пенсильвания  мен Нью-Йорк штаттарында ақ ұлпа 60 см-ге дейін түседі деп болжап отыр. Аймақтағы бірнеше әуежайда рейстердің 30 проценті сапарына шыға алмай қалды. Мамандар жергілікті тұрғындарды жолға шықпай, үйлерінде қалуларын сұрайды. Қарлы боран мінез көрсетіп жатқан аудандарда коронавирустан екпе егу орталықтары да уақытша жабылған.

Хабар 24 телеарнасы