COVID-19: Макронмен байланыста болған Еуропа саясаткерлері оқшауланды
- 110
- UPD: 11:44, 18.12.2020

Франция президенті Эмманюэль Макронның коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болған соң, Еуроодақ елдерінің бірнеше көшбасшысы оқшауланды.
Енді өткен аптада Брюссельде ұйымдастырылған Еуроодақ саммитінде Макронмен байланыста болған Еурокеңес басшысы Шарль Мишель, Испания премьері Педро Санчес, Португалия премьер-министрі Антониу Кошта, сонымен қатар Ирландия мен Бельгия премьерлері шұғыл оқшауланды. Саясаткерлер жұмысын қашықтан жалғастырады.