421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Германияда айыппұлдан қазынаға қомақты қаржы түсті

  • 139
  • UPD: 14:05, 18.12.2020
COVID-19: Германияда айыппұлдан қазынаға қомақты қаржы түсті

Өзге елдер сияқты Германия көктемде карантин ережелерін бұзғандарға айыппұл енгізді.

Оның көлемі әр өңірде әртүрлі. Мәселен, маска тақпағаны үшін Берлинде 50 еуро, ал Штугартта 250 еуро. Ең қомақты айыппұл 5 мың еуроға дейін барады. Ал ауруды әдейі әлдебіреуге жұқтырса, бірнеше жылға сотталуы да мүмкін. Мұны біле тұра, заңды елемейтін адамдар да табылады. Олардың есебінен қалалар қазынасына қомақты қаражат түсті. Мысалы, Гамбург бюджеті бір миллион 300 мың, Мюнхенде 1 млн 750 мың еуромен толықты. Ал Штутгартта 2 миллион еуро жиналды.

Биргит, полиция қызметкері:

– Халықтың дені бұған түсінікпен қарайды. Алайда кейбіреуі ашуланып, булығады. Маска тақпайтындары да кездеседі. Бірақ күннен күнге ондай адамдардың саны азайып жатқанын байқадым. 

Андреас Шойер, Германия көлік министрі:

– Мереке алдында қатаң ескерту жасағымыз келіп тұр, маскалардың тағуын мұқият қадағалаймыз. Бүкіл ел бойынша полиция бақылап тұрады.

Хабар 24 телеарнасы