419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда мереке күндері жаппай тестілеу жұмысы жалғасады

  • 112
  • UPD: 14:05, 18.12.2020
Грекияда мереке күндері жаппай тестілеу жұмысы жалғасады

Грекияда қатаң карантин шараларына қарамастан аймақтағы эпидемиологиялық ахуал оңалмай тұр.

Бұған алаңдаған ел Үкіметі алдағы мереке күндері де тестілеу жұмыстары тоқтамайтынын айтты. Локдаунның сақталу тәртібі де қатаң бақылауда. Осыған орай елдің онға жуық шаһарында қосымша тест тапсыратын орталықтар ашылған. Жалпы Грекия қарашаның 7-сінен бері карантин режимінде. Жуырда аймақта қосымша шектеу шаралары жарияланған еді. Десе де соңғы тәулікте 1 мың 1 жүз 55 адам ковидке шалдыққан. Ал пандемия басталғалы науқас жандардың қатары 127 мыңнан асып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы