419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

18 желтоқсан – Катар мемлекетінің ұлттық күні

  • 204
  • UPD: 15:27, 18.12.2020
18 желтоқсан – Катар мемлекетінің ұлттық күні

Парсы шығанағының інжу-маржанына айналған бұл ел шөл дала еді.

Онда табылған пайдалы қазба бүтін бір халықтың тағдырын әбсәтте өзгертті. Бүгінде Катар әлемнің ең бай мемлекетінің біріне айналып отыр. Оның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы экономикалық, әлеуметтік, адами және экологиялық бағыттарды негізге алған. Бағдарлама аясында Катар тұрақтылыққа қол жеткізген озық қоғамға айналып отыр. Сондай-ақ бұл елде 2022 жылы футболдан әлем чемпионаты жоспарлануда. Бүгінде онда жаңа стадиондар салынып, бұл әлем чемпионатын ең экологиялық таза етуді жоспарлап отыр.

1993 жылы Қазақстан мен Катар мемлекеттерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Араб елдерінің ішіндегі бұл ел біздің тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып таныды. Нәтижесінде екі елдің басшылары да, Сыртқы істер министрлері де ресми сапарлармен ынтымақтастықты нығайта түсті. Сонымен қатар Катар Мемлекеті Қазақстанды халықаралық ареналарда үнемі қолдап келеді. Оның жарқын көрінісі - 2017-2018 жылдардағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болғанда немесе ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысқанда, т.с.с. атап өтсе болады.

Бүгінгі бағдарламада Қазақстан мен Катар мемлекетінің 30 жылға жуық дипломатиялық қарым-қатынасы негізінде іске асқан және жоспарланған ірі жобалар жайлы айтылады. Сондай-ақ екі елдің экономиканы әртараптандыру стратегиясы аясында қаржы саласы мен инвестиция бойынша бағыт-бағдар беріледі.

Хабар 24 телеарнасы