420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швеция королі биліктің коронавируспен күресте қателігін мойындады

  • 107
  • UPD: 15:21, 18.12.2020
Швеция королі биліктің коронавируспен күресте қателігін мойындады

Швеция елінің патшасы Карл Густав XVI жергілікті телеарналардың біріне Үкіметтің коронавирусқа қарсы күресі нәтижесіз аяқталғанын мойындады.

Оның айтуынша, елде карантин жарияланбағандықтан, инфекция кең етек жайып, бақылаудан шықты. Салдарынан індеттен зардап шеккендер мен көз жұмғандардың саны өте көп. Монарх бұл биліктің сәтсіз тәжірибесі болғанын ашық айтып отыр.

Естеріңізге салайық, пандемия басталғалы Швеция кәрі құрлықтағы карантиннен бас тартқан жалғыз мемлекет еді. Жергілікті билік аймақта ұжымдық иммунитет қалыптастырмақ болды. Ел экономикасына да ауыртпашылық тигізгісі жоқ. Бүгінде бұл елде коронавирус дертіне шалдыққандардың қатары 350 мыңнан асты, 7 мың 800 науқас көз жұмды.

Карл Густав, Швеция королі:

– Жеңілгенімізді мойындаймын. Індеттің салдарынан көптеген адам көз жұмды. Тіпті айтуға да оңай емес. Оларға көмек көрсете алмағанымыз өкінішті.

Хабар 24 телеарнасы