418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда екпеден бас тартқандарға шектеу шаралары қолданылады

  • 111
  • UPD: 18:29, 18.12.2020
Бразилияда екпеден бас тартқандарға шектеу шаралары қолданылады

Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандарға қатысты шектеу шаралары қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғарғы сот тиісті шешім қабылдады. Сөйтіп, екпе салдырмаймын деген бразилиялықтар қоғамдық орындарға бара алмайды. Немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады. Қазір елде вакцина егуге міндеттеу туралы заң қабылдау мәселесі талқыланып жатыр. Алайда сарапшылар: «бұл адам құқықтарын бұзады» дейді.

Айта кеткен жөн, Бразилия коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Мұнда расталған оқиғалар саны 7 миллионнан асады. Жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, міндетті вакцинациялауды тұрғындардың жартысынан астамы, дәлірек айтсақ, 56%-і қолдайды екен.

Хабар 24 телеарнасы