419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фиджиде дүлей дауыл салдарынан екі адам көз жұмды

  • 117
  • UPD: 21:05, 18.12.2020
Фиджиде дүлей дауыл салдарынан екі адам көз жұмды

Тынық мұхитындағы Фиджи Республикасында «Яса» дауылы ойран салып, 2 адам көз жұмды.

Марқұмдардың бірі 3 айлық нәресте. Билік «құрбандар саны әлі де артуы мүмкін» деп отыр. 

Тропикалық дауылға байланысты қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланған болатын. Желдің жылдамдығы секундына 79 метрге дейін жеткен. Оның соңын ала нөсер селдетіп, кей өңірді су басты. Табиғат апатына байланысты билік жалпыұлттық коменданттық сағат жариялаған. Уақытша орталықтарды 24 мыңға жуық тұрғын паналап отыр. Қазір қауіптілік деңгейі төмендетілді. Алайда мамандар су тасқыны қаупінің сейілмегенін ескертеді. Ал, билік «Яса» республика тарихындағы ең алапат дауылдың бірі екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы