421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Coca-Cola екі мыңнан астам қызметкерін қысқартады

  • 144
  • UPD: 22:43, 18.12.2020
Coca-Cola екі мыңнан астам қызметкерін қысқартады

Әлемдегі ең ірі алкогольсіз сусын өндірушілердің бірі – Coca-Cola 2200 қызметкерін қысқартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Компания мұны пандемия жағдайындағы қайта құрылымдау шешімімен түсіндіріп отыр. Қысқартуға ұшырайтындардың жартысынан астамы америкалықтар. Осылайша, шығынды оңтайландырған өндіруші жылына 550 миллион доллар үнемдеуі мүмкін.

Айта кеткен жөн, жыл басында Coca-Cola қызметкерлерінің саны 86 мыңға жуықтаған. Коронавирустың кесірінен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар жабылғасын компания шығындары мен өнім көлемін азайтқан. Биыл жаздың аяғында басшылық АҚШ пен Канададағы 4 мыңдай қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынған. Алайда оған қанша адамның келіскені белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы