419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания келесі аптада халыққа вакцина салуды бастайды

  • 98
  • UPD: 08:57, 19.12.2020
Испания келесі аптада халыққа вакцина салуды бастайды

Испанияда коронавируске қарсы вакцина салу 27 желтоқсанда басталады. Билік американдық «Пфайзер» және немістің «Байонтек» компаниялары жасаған вакцинасын сатып алуға келіскен.

27 желтоқсанда Испаниядан бөлек Еуроодақтың өзге елдерінде де екпе егу жұмыстары басталады. Жергілікті билік вакцина салу науқанымен қоса шектеу шараларының да күшейтілетінін жария етті. Сөйтіп, Рождество мен жаңажылдық мерекелер кезінде Валенсия тұрғындарына өзге өңірлерге қатынауға тыйым салынады. Ел астанасы Мадридте мереке күндері жаңа шектеулер енгізіледі.

Энрике Руиз, Мадрид денсаулық сақтау департаментінің басшысы: 

- 24, 25 және 31 желтоқсан күндері Мадрид тұрғындарына 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл қиын екенін түсінеміз. Алайда мереке күндері сыртта жүргенше отбасымен үйде отырған дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы